Домой Новости Министрдің портретін төрге іліп қойған қарағандылық шенділер қызу талқыға түсті (фото)

Министрдің портретін төрге іліп қойған қарағандылық шенділер қызу талқыға түсті (фото)

Қарағанды облысы Әділет департаменті басшысының қабылдау бөлмесінің алдында ілініп тұрған Әділет министрі Марат Бекетаевтың портреті желіде қызу талқыға түсті. Портретті суретке түсіріп, желіге жүктеген журналист Ботагөз Өмарова бұл туралы Facebook парақшасына жазды деп хабарлайды NUR.KZ.

Министрдің портретін іліп қойған Қарағанды облыстық Әділет департаменті желіде қызу талқыға түсті

Фото Ботагөз Омарованың Facebook парақшасынан алынды

“Қарағанды облысы Әділет департаментінің қабылдау бөлмесінің алдында мынадай сурет ілініп тұр. Оның мәні де, сәні де, саяси астары да – бәрі-бәрі үйлесімді. Әлбетте, Әділет министрі Марат Бекетаевтың суреті де керемет”, – деп жазған ол әріптестерінің кеңесімен оқырмандары арасында байқау өткізетінін мәлімдеді. Ол бұл суретке ең үздік атау ойлап тапқан адамға сыйлық жасауға уәде берді.

Ал мұны оқыған желі қолданушылары болса, бұл жайтты талқыға салып, түрлі пікірлерін жарыса жазуда.

comments powered by HyperComments