Домой Новости Метро пойызы сөмкесін құлатып алған зейнеткердің басын жұлып әкетті (фото)

Метро пойызы сөмкесін құлатып алған зейнеткердің басын жұлып әкетті (фото)

Мәскеуде құлап қалған сөмкесін алу үшін еңкейген зейнеткердің басын зулап келе жатқан пойыз жұлып әкетті деп хабарлайды ресейлік басылымдарға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Метро пойызы сөмкесін құлатып алған зейнеткердің басын жұлып әкетті (фото)

Метро пойызы сөмкесін құлатып алған зейнеткердің басын жұлып әкетті (фото)

“МК” газетінің хабарлауынша, Белозерск көшесінің тұрғыны Тамара Бахметьева бейсенбі күні таңертең өзінің үйреншікті бағытымен жұмысқа кетіп бара жатқан. Ол “Бибирево” метро станциясынан пойызға отыруы керек болған.

Алайда қайғылы жағдай салдарынан ол жұмысына жете алмаған. Платформада тұрған ол сөмкесін қолынан түсіріп алған. Оны алу үшін еңкейген әйелдің басын жүйткіп келе жатқан пойыз жұлып әкеткен. Куәгерлердің айтуынша, пойыздың жылдамдығы үлкен болған. Басы вагондардың біріне тиіп кеткендіктен, ол платформаға бір-ақ құлаған. Зейнеткер әйел оқиға орнында көз жұмды. Оның артында күйеуі мен екі егіз ұлы қалды.

comments powered by HyperComments