«Қазір сахнаның 60 %-ы той әншілері. Біз кейін балаларымызға мына әнді тыңдадық деп қалай ұялмай көрсетеміз» Танымал әнші Мақпал Исабекованың пікірі осындай. Бұл жайында ол Tengrinews TV-дің «The эфир» бағдарламасында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Исабекова. Фото: Instagram
Сондай-ақ Исабекованың айтуынша, көп ақшамен уақытша жағдайыңды жасай аласың. Ол өзінің сүйікті ісінен ақша табуды емес, өз ісін маман ретінде лайықты атқаруды ойлайды екен.
«Әртіс тек тойда секеңдеп, ақша табатын адам емес. Әншіге, әртіске даму керек. Өсу керек! Шетелге шығып, өзін жетілдіруі қажет. Түрлі халықаралық шараларға қатысқаны жөн. Тойда жұлдыз болу мәңгі емес», – деді әнші.
Айта кетейік, осыдан біраз уақыт бұрын Абай Бегей қазақ сахнасындағы жұлдыздардың екіге бөлінетінін айтқан болатын. Сондай-ақ ол кей жұлдыздар той әншілерін менсінбейді деп ренжіген еді.