Домой Новости Мәскеу маңындағы әуе апатынан көз жұмғандардың бірі Ақтөбе тумасы болып шықты

Мәскеу маңындағы әуе апатынан көз жұмғандардың бірі Ақтөбе тумасы болып шықты

Мәскеу түбінде апатқа ұшырап, ішіндегі жолаушылардың барлығы қайтыс болған АН-148 ұшағының ішінде тағы бір Қазақстан тумасы болған. 31 жастағы Евгений Ильинов Ақтөбе туып-өскен деп хабарлайды «Диапазон» басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қайтыс болған Евгений

Бүгінде оның ата-анасы Ақтөбеде тұрып жатыр. Евгений Орскіге барып келген соң ата-анасына келуді жоспарлаған еді.

Ұшқыш болуды армандаған Евгений №3 мектепті бітірген соң Санкт-Петербургтағы Балтық техникалық университетіне түскен.

Мәскеу маңындағы әуе апатынан көз жұмғандардың бірі Ақтөбе тумасы болып шықты

Оқып жүрген кезде ол Ақтөбедегі жас ұшқыштар мектебіне жиі барып тұратын. Оның жетекшісі Александр Курбанов онымен бес жыл бұрын ұшақ ішінде кезігіп қалғанын айтады.

“Ол өте жақсы жігіт еді. Аспанда ұшуды армандайтын. Адамгершілігі мол, талапты, тәрбиелі бала еді. Тағдырын көрмейсіз бе? Аспанда ұшуды армандап жүріп, өзі де ұшақ ішінде қайтыс болды”, – дейді ол.

Ал Евгенийдің мектептегі ұстазы қаралы хабарды естігенді есеңгіреп қалғанын жасырмады.

comments powered by HyperComments