Домой Новости Мөлдір Әуелбекованың “өтірігін” әшкерелеген Баян оны ел алдында масқаралады (фото)

Мөлдір Әуелбекованың “өтірігін” әшкерелеген Баян оны ел алдында масқаралады (фото)

Баян Мақсатқызы отандық БАҚ-тың біріне өзі жайында сұқбат берген Мөлдір Әуелбекованың айтқан сөздерін жоққа шығарды. Ол оның сөздері ойдан шығарылғанын айтып, мәлімдеме жасады деп хабарлайды NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекованың "өтірігін" әшкерелеген Баян оны ел алдында масқаралады (фото)

Мөлдір Әуелбекованың “өтірігін” әшкерелеген Баян оны ел алдында масқаралады (фото)

Еске салсақ, отандық БАҚ-тың бірінде Мөлдір Әуелбекованың сұқбаты “Мөлдір Әуелбекова: Баян бізді ашық-шашық киінуге мәжбүрледі” деген атаумен жария болған еді. Онда әнші Баянның қол астынан неге кеткенін және продюсері оны ашық-шашық киінуге мәжбүрлегені туралы айтқан.

Баян Мақсатқызы да оның бұл сөздеріне жауап беруге асықты.

“Молечка, қалжыңдап отырған жоқсың ба? Сен ойдан шығаруға қабілетті екенсің. Әсіресе өзіңнің талаптарың және тағы да басқа туралы “әдемілеп тұрып” айтып беріпсің, жарайсың. Бәлкім, бірге сұқбат беріп, көзіме тік қарап осының барлығын қайта айтып берсек қайтеді?! Сөйтейік, Моля, мен БАҚ өкілдерімен өзім келісемін. Дегенмен, БАҚ асыра сілтеп, жарияланған материал өтірік болып шығады деген үміттемін”, – деп жазды ол.

Баянның бұл жазбасына жеті сағаттың ішінде 20 мың астам адамға лайк басқан. Продюсер жазбасына пікір қалдыру мүмкіндігін өшіріп қойған.

Еске салсақ, өзара тіл табыспай қалған Баян мен Мөлдірдің ара-қатынасы әлі күнге дейін орнына келмеген. Олар ат құйрығын үзіскелі бірнеше жылдың жүз болған.

comments powered by HyperComments