Астанада Ұлттық ұлан сарбаздары жанып жатқан көліктен баланы құтқарып қалды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанагенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Астанада сарбаздар жанып жатқан көліктен бүлдіршінді аман алып шықты
Оқиға дүйсенбі күні кешкі сағат сегізде болыпты. Алтынсарин көшесінде патрульде жүрген сарбаздар жасағы Volkswagen Passat көлігінің өртке оранғанын байқайды.
comments powered by HyperComments“Көлік иесінің немересі іште қалып қойған екен. Сарбаздар тез арада қызды алып шығып, өрт сөндірушілер келгенше жалынды сөндірген”, — деп мәлімет берді Ұлттық ұлан баспасөз қызметі.