Домой Новости Күзетшілер 52 адамның өмірін жалмаған автобусты аруақ кезіп жүргенін айтты

Күзетшілер 52 адамның өмірін жалмаған автобусты аруақ кезіп жүргенін айтты

Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында 52 адаммен бірге жанып кеткен автобустың қаңқасы үш-төрт күн бұрын қалаға әкелінген. Күзетшілер сау-тамтығы қалмаған көліктен түнімен адамның үніне ұқсас түрлі дыбыстар шығатынын айтты деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Ақтөбедегі автобус. Фото: Интернет желісінен

«52 адамның күлін көкке ұшырған автобустың іші түгілі, сыртынан қарауға қорқынышты. Қасына жақындағанда жаның түршігеді. Терезе, орындықтар, тіпті дөңгелекке дейін дымы қалмаған. Тек құр темір қабырғалары ғана тұр»,- дейді күзетші.

Тек Қазақстан емес, Өзбекстанға да орны толмас қайғы әкелген қанды автобус қала маңындағы жылыту пункттерінің бірінде тұр. Алайда автобустың қашанға дейін тұратыны белгісіз. Қылмыстық іс әлі тексерілу үстінде.

Айта кететіні, бүгін мәжіліс депуттары қайғылы жағдайға қатысты кінәлілердің барлығын жазалауды талап етті. Айтуларынша, бұл жерде тек автобус жүргізушілерін ғана жазалаумен істі жылы жаппау керек.

comments powered by HyperComments