Домой Новости Ұйымдастырушылар сұлулық байқауына қыз болып қатысқан жігітті естіп, жағасын ұстаған

Ұйымдастырушылар сұлулық байқауына қыз болып қатысқан жігітті естіп, жағасын ұстаған

“Miss Virtual Kazakhstan” байқауын ұйымдастырушылар жобаға қатысқан “жігіт” туралы пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ және instagram.com/missv.kz

Фото: NUR.KZ және instagram.com/missv.kz

Ұйымдастырушылар бұл жағдайға таңданыстарын жасырмады. “Аринаның” әрекеті әшкере бола салысымен, ол өзі туралы жалған мәліметтер бергені үшін байқаудан шеттетілген. Олар “қатысушы жігіт” туралы сайыстың соңғы сынында, құжаттар тексеру барысында анықталғанын айтты.

«Miss Virtual Shymkent» атағы мен ақтық сындағы орын Шымкенттің 18 жастағы сұлуы Айкерім Темірхановаға берілді. Ол жартылай финалдық сайыста 1975 дауыс жинаған екен.

Еске салсақ, 24 жастағы Илай Дягилев аталмыш сұлулар сайысына қатысып, өзін Арина Алиева ретінде таныстырған. Ол мұндай әрекетке достарымен бәсекелескені үшін барғанын айтқан еді.

comments powered by HyperComments