Домой Новости Әйгілі актрисаның сәбиі дүниеге келе салысымен жұлдыз атанды

Әйгілі актрисаның сәбиі дүниеге келе салысымен жұлдыз атанды

Біраз уақыт бұрын әлеуметік желі қолданушылары арасында португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың жазбасы ең көп “лүпіл” жинаған еді. Алайда көп ұзамай оның орнын басқан жазба туралы мәліметтерді life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Америкалық модель Кайли Дженнердің жазбасы Instagram тарихында ең көп “лүпіл” жинап, рекорд орнатты.

Жақында ғана ана атанған жұлдыз сәбиінің суретін жариялап, 14 миллион 700 мыңнан астам адам жазбаны ұнатқан.

Ал танымалдылығы жағынан екінші орында португалиялық футболшы Криштиану Роналдудың жазбасы тұр. Оның суретін 11 миллионнан астам адам “лайк” басыпты.

Танымал үштікті Бейонсенің бір жыл бұрын жариялаған жүктілік кезіндегі суреті түйіндеп тұр.

comments powered by HyperComments