
Польшаның Катовице қаласында хоккейден Қазақстан құрамасы Италиядан басым түсіп, Еурочеллендж жеңімпазы атанды деп хабарлайды Хабар24-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.
Хоккейден Қазақстан құрамасы – Еурочеллендж жеңімпазы атанды (видео)
Ойын 1:0 есебімен жерлестеріміздің пайдасына шешілді.
Негізгі уақыттың аяқталуына 1 минут қалғанда Италия үзіліс алып, айдынға алтыншы ойыншысын шығарды.
Соған қарамастан Қазақстан құрамасы барын салып кездесудің соңғы сәттерінде жеңіс шайбасын соқты. Гол авторы – Никита Михайлис.
Айта кетейік, бұған дейін Венгрияны (5:2) Польшаны (4:1) есебімен жеңіп бірінші орында тұрған еді.