Домой Новости Гүлзира Айдарбекова: Сенің балаң жұлдыз бола алмайды дегендерді мойындаттым (видео)

Гүлзира Айдарбекова: Сенің балаң жұлдыз бола алмайды дегендерді мойындаттым (видео)

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова блогер Аманжол Рысмендиевке эксклюзивті сұхбат берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: скриншот.

Фото: скриншот.

Сұхбат барысында продюсер отбасында, өнер жолында кездескен қиындықтарымен бөлісіп, қазіргі жетістіктеріне қалай қол жеткізгені жөнінде баяндады.

– Басқа әншілер жылына бір концертті әрең бердік. Ақшамыз жетпей қалды, спонсорларымыз азайып кетті деп қиналып жатқан кезде, сіздер өз күштеріңізбен бір күнде бір емес, бірнеше концерт берген күндеріңіз болған. Қайрат сияқты еңбекқор баланы тәрбиелеудің негізгі кілті неде осы? – деген сауалға продюсер:

– Енді ән айту жағы Қайраттың әкесінен берілген, ал еңбекқорлығы маған тартқан. Бір шетінен ойлаймын, Қайраттың мейірімділігі шығар, ана сыйлауы шығар. Маған деген бір үлкен құрметі шығар. Өйткені айтқанымның бәрін орындап, соның бәріне келісіп, сол еңбектеніп жүргенінің арқасында осы күнге жетті, – деп жауап берді.

Сондай-ақ, продюсер ханым бастарынан өткен, аяқтан шалған қиын сәттері жайлы да еске алды:

– Жұрттың білетіні «Прайм Плаза» ғана ғой. Қайратқа қаншама тосқауылдар қойылды. Оның бәрін білдірген жоқпыз. Жеңіп шықтық бәрін де. Өзіңе сен, өз күшіңмен көтеріл деген сөзім құлағында қалып қойған сияқты Қайраттың. Бірақ «сен сөйтіп қойдың, біздің айтқанымызға жүрмей қойдың» деп кезінде қаншама қиындық көрсеткен адамдар болды. Бірақ құдайға шүкір, бәрін жеңіп шықтық, – деп ағынан жарылды Гүлзира Айдарбекова.

Сонымен қатар, кезінде ағайын-туыстарының бәріне көмек қолын созғанын айтқан продюсер, туыстарының сөздері шамына тигенін де жасырмады:

– Мен кезінде «осы балаң жұлдыз болады дейсің бе?» деген сөзді көп естідім. Өйткені ауылдан келетіндерге менің үйім қонақүй әрі асхана болды. Қаншама туысқандар келеді, олардың қасына тағы біреулер еріп келеді. Оларға мен «байковый халат» киіп алып жүгіріп жүретінмін. Балаң қарны ашып жылап жатса, аяғыңмен итеріп жіберіп, тамақ істей бересің. Қазіргі келіндер бірінші баласын тойдырады, мен «успевать етпедім» дегендей отыра береді. Ал біз үшін қонақты ренжітіп жіберу деген сұмдық болатын. Сондықтан да сол нәрсені көрмей қалды көбісі. Баласын сүйретіп анда жүр, «әнші балапанда» жүр, үш күн, төрт күн жүр. Олардың жағдайы болып жатқан жоқ. Содан кейін сенің балаң жұлдыз болады ғой дейсің бе, қайда келін демей ме енді? Сондай сөздерді көп естіп, жүрегіме қатты батты, – деген жұлдызды ана әрі танымал продюсер кезінде айтылған ауыр сөздер бүгінгідей жетістікке жетелегін де атап өтті.

comments powered by HyperComments