Домой Новости Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыздың ән айтуына қарсы шықты

Гүлзира Айдарбекова келіні Жұлдыздың ән айтуына қарсы шықты

Әр қадамы жұрт назарынан тыс қалмайтын Қайрат Нұртастың анасы келіні Жұлдыз Әбдукәрімованың әнші болуына қарсы екенін айтты. Соңғы уақытта әр қадамы сынға ілініп, ел талқысына түсетін продюсер NUR.KZ тілшісіне эксклюзивті сұхбат беріп, өзіне қатысты айтылған қарсы пікірлерге жауап берді.

Гүлзира Айдарбекова қос келінімен. Фото: Интернет желісінен

Гүлзира Айдарбекова қос келінімен. Фото: Интернет желісінен

“Негізі мен де, Жұлдыз да әнші болмаймыз. Арасында қызықты болсын деп Қайратпен қосылып ән шырқап көрсін деген ой ғой. Жүргізуші ретінде сахнада «сөйлеп-сөйлеп» кетіп қалғаны дұрыс емес қой. Жұлдыздың ән айту кәсібі емес. Ол актриса. Керек кезінде болмаса, былай ән айтпайды ол. Мен де солай. Ол әншілік емес. Жай ғана жұрттың сұранысымен болған нәрсе», – дейді Гүлзира.

Гүлзира Айдарбекова. Фото: Интернет желісінен

Гүлзира Айдарбекова. Фото: Интернет желісінен

Жуырда Айдарбекова жұбайымен бірге үндіше ән шырқағанда оқырмандары жағымсыз пікірлерді жарыса жазған болатын.

“Ойбай, өзіміздің қазақтың әні құрып қалғандай, неге үнді әні?” деп сынап жатқандар көп. Ол жерде бізге қойылған шарт сондай болды. Қызық болсын деген мақсатпен үнді стилінде ән айттық. Жалпы көбінесе тілек айтса, үндінің махаббатын тілеп жатады ғой. Ұсыныс түседі бізге: “өнегелі отбасысыздар, осындай концертке қатыссаңыздар” деп. Содан кейін жолдасымыз екеуіміз бір-екі мәрте сахнаға шыққан болатынбыз. Енді қай тілде айт десе, сол тілде айтамыз (күледі)”, – дейді Айдарбекова.

Сонымен қатар, шетелден келген Қайратты жапонша киімінде күтіп алған Гүлзира тағы бір мәрте ғаламторды шулатқан еді.Соңғы уақытта қазақы дәстүрден алшақтап, өзге елдің салттарына аңсары ауып жүрген Айдарбекова бұл даулы мәселеның шығуын былайша түсіндіреді.

«Ол бір аяқ асты болды. Содан екі күн бұрын ғана Айнұр Тұрсынбаева жапондық халатты сыйлаған болатын. Оның алдында өзіміздің де үйде де бір-екі халат жататын. Ол жерде үш адам болып тұрмыз. Үшеуімізде жапондық киімді киіп, қарсы алуды қасымдағы Қайраттың көмекшісі ойластырған болатын. Мен қасымдағы қыз видеоға түссін деп тартсам, жұрт Қайраттың анасы «көкбеттіктен» жанындағы қызды жұлып жатыр деп ойлаған. Оған өзіміз күліп, елде күлсін деп инстаға салған едік», – дейді продюсер.

Ұлыма жасалған тосын-сый деп түсіндірген Гүлзира, бұл қадамына Қайратқа берген жауабым дейді. Кезінде танымал әнші шет елде жүріп, анасын естен кетпестей етіп қорқытқан болып шықты.

«Дубайға барған сапарымызда өте қорқынышты жағдай болған. Қонақ үйде ешкім жоқ екен деп ойласақ, Қайрат біздің бөлмеге терезеден кіріп келіп қатты шошытқан болатын. Еденге секіріп түскен кезде біз шыңғырып, қарай алмай, қарақшылар екен деп қорыққан едік. Тіпті қорыққанымыздан қашамыз деп, жарақаттанып қалған кезімізде болған. Сөйтсек, қызық болсын деп Қайрат ойындағы жоспарын жүзеге асырған екен», – дейді Қайрат Нұртастың анасы.

comments powered by HyperComments