Домой Новости Ер адам көлігін жуудан бас тартқан қызметкерді өлтіріп кетті (видео)

Ер адам көлігін жуудан бас тартқан қызметкерді өлтіріп кетті (видео)

Ер адам BMW көлігін жуудан бас тартқан орталықтың қызметкерін бір соққымен өлтіріп тастаған деп хабарлайды «Россия 24» арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Интернет

Фото: Интернет

Оқиға Мәскеуге қарасты ауданда орын алған. 24 жастағы жүргізуші мен досы көлік жуу орталығына жеткенде, қызметкерлер ұйқыда болған.

Жайбасарлық танытқан қызметкерлерге ашуланған көлік иесі, екі қызметкерге де жұдырық жұмсап үлгерген. Бір қызметкер жерге басымен құлап, есін жоғалтып алыпты. 39 жастағы ер адам сол жерде қаза табады.

Айта кетейік, тергеу барысында көлік иесінің бұрын сотты болғаны белгілі болды. Оны сегіз жыл бас бостандығынан айырылу жазасы күтіп тұр.

comments powered by HyperComments