Домой Новости Еліміздегі ең сымбатты жігіттердің бірі “бас бостандығынан” айырылмақшы

Еліміздегі ең сымбатты жігіттердің бірі “бас бостандығынан” айырылмақшы

Ағайынды Төлеповтердің кішісі Асылхан 7 қараша күні Айсұлу есімді арумен бас қосқан болатын. Ал қазір актер, еліміздегі сымбатты жігіттердің бірі Артур Төлепов тойға қызу дайындық үстінде деп хабарлайды comode.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Артур Төлепов. Фото: Instagram

Артур Төлепов. Фото: Instagram

Ол ақпан айының 20-ы күні сүйген аруы Мадинаға сырға салмақшы. Ал той жаз айының ортасына жоспарланып отыр екен.

Әншілік пен актерлікті қатар алып жүрген сері жігіт көпшілікке жүргізушілік қырын да байқатып үлгерген болатын. Сондай-ақ, оқырмандары Артурдың поэзияға жақын екенін де біліп алды.Енді актер шаңырақ көтеріп, отбасы құратыны жайлы жақсы жаңалығын да тыңдармандарымен бөлісті.

Айта кетейік, інісінің тойында Артур сүйіктісіне сезімін білдіріп, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған болатын.

comments powered by HyperComments