Димаш Құдайбергеновтің фанаттарымен түскен фотосы желіде қызу талқыға түсті. Әншінің қолын ұстап алып, жібермей қойған оның өнерін сүйетін қауымның суретін әнші өзінің Instagram парақшасына жүктеп қойған.

Димаш фанаттарымен бірге. Фото: Instagram
Димаш суреттің астына: “Сурет резеңке қол деп аталады”, – деп жазып қойған.
Ал мұны көрген желі қолданушылары Димашқа жылы лебіздерін білдіріп, түрлі пікірлерін жаудырған. Бұл тұста оның шетелдік оқырмандары аса белсенділік танытқан.