Домой Новости Дана Нұржігіт “Үздік тележүргізуші” атанды (фото)

Дана Нұржігіт “Үздік тележүргізуші” атанды (фото)

Астанада “Халықтың сүйіктісі” жүлдесінің иегерлерін марапаттау рәсімінде танымал журналист Дана Нұржігіт “Үздік тележүргізуші” атанды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото Дан Нұржігіттің instagram парақшасынан алынды

“Қадірлі оқырмандарым, әлеуметтік желіде қараша айында басталған дауыс беру науқаны аяқталып, бүгін “Халықтың сүйіктісі” жүлдесінің игері атандым. Барлығы сіздердің маған деген ыстық ықыластарыңыздың арқасында. Жүректегі сізге деген алғысты айтып жеткізу мүмкін емес. Жүрегім аузыма тығылып, қобалжып тұрмын. Өсіретін де, өшіретін де халық! Бас иемін сіздерге! Сеніміңізді ақтап, үдеңізден шығуға тырысамын! Көңілдеріңізге мың алғыс!”, – деген журналист қуанышымен желіде бөлісті.

Айта кетейік, “Халықтың сүйіктісі” Ұлттық жүлдесі 2011 жылдан бастап өткізіліп келеді.

Бұл жүлде өз еңбегімен ерекшеленіп, көпшіліктің көңілінен шыққан азаматтар мен ұйымдарға табысталады.

comments powered by HyperComments