Домой Новости Дүйсенованың орнын басқан жаңа министр қандай істерімен танымал?

Дүйсенованың орнын басқан жаңа министр қандай істерімен танымал?

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен бұрынғы ұлттық экономика вице-министрі Мадина Әбілқасымованы Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі етіп тағайындаған еді. Жаңа министрдің осыған дейін атқарған жұмыстары туралы NUR.KZ порталы хабарлайды.

Мадина Әбілқасымова. Фото желіден алынды

Мадина Әбілқасымова. Фото желіден алынды

Мадина Әбілқасымова 1978 жылы 1 тамызда туған.

Ол 2014 жылдан бері еліміздің ұлттық экономика вице-министрі болды.

Ал 2015 жылдың қараша айында ол ана болуына байланысты демалысқа кеткен.

Мадина Әбілқасымова. Фото желіден алынды

Мадина Әбілқасымова. Фото желіден алынды

2013-2014 жылдары экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі қызметін атқарған.

Осыған дейін бірнеше лауазымды қызметтер атқарып келген министр 2008-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігінің Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығы меңгерушісінің орынбасары болып еңбек еткен.

Мадина Әбілқасымова. Фото желіден алынды

Мадина Әбілқасымова. Фото желіден алынды

Ол 1999 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша, 2002 жылы Колумбия университетін халықаралық қатынастар магистрі дәрежесімен «экономикалық саясатты басқару» мамандығы бойынша бітірген.

Сондай-ақ, жаңа басшы 2011 жылы Гарвард университетінің Кеннеди атындағы Мемлекеттік басқару мектебін «мемлекеттік басқару магистрі» мамандығы бойынша бітірген екен.

comments powered by HyperComments