Домой Новости Бурабай курортын шетелдік бизнесмендер сатып алмақшы

Бурабай курортын шетелдік бизнесмендер сатып алмақшы

Щучинск-Бурабай курорттық зонасын дамыту жобасы шетелдік және отандық инвесторларға таныстырылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бурабайды шетелдік бизнесмендер сатып алмақшы
Бурабайды шетелдік бизнесмендер сатып алмақшы

Расказать Вконтакте
Расказать в Facebook
Шетелдік инвесторлар үшін Щучинск-Бурабай курорттық зонасында 233 гектар жер бөлінген. Бұл аумақта спорттық және сауықтыру орталықтары мен ойын-сауық кешендері салынуы тиіс.

“Щучинск-Бурабай курорттық зонасын дамытудың үшінші кезеңі 220 жылға дейін созылып, 61 миллиард қаражат бөлуді талап етеді, ол соманың жартысы жеке инвестиция болмақ. Жоспардың басты мақсаты – курорттық зонаны Four Seasons концепциясы бойынша кеңейту”, — деп хабарлады мәдениет және спорт министрі Арыстан Мұхамедиұлы.
Министрдің пікірінше, болашақта курорттық зона қазақстандық кинематография саласында пайдаланылуы мүмкін.

Бұдан бөлек, презентацияда инвестициялық салымдарға өте тиімді аймақтар таныстырылды: этноауыл, “Қазақстандық Лапландия” нысанына жақын аумақ, Большое Чебачье және Текекөл көлдерінің жағалауы.

comments powered by HyperComments