Домой Новости Белгісіз біреу “масленица” мейрамында бейбіт тұрғындарға оқ жаудырды

Белгісіз біреу “масленица” мейрамында бейбіт тұрғындарға оқ жаудырды

Дағыстанның Кизляр өңірінде масленица мейрамын тойлау кезінде белгісіз біреу елег оқ жаудырды деп хабарлайды РИА Новости агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

 Фото: РИА Новости. Саид Царнаев

“Алдын ала деректер бойынша төрт адам қайтыс болып, тағы төртеуі зардап шеккен”, – деп мәлімдеді Дағыстан құқық қорғау органдарында дереккөз.

Бұл тұста республикалық денсаулық сақтау министрлігі бес зардап шеккен азамат туралы ақпарат берген. Олардың төртеуі – әйелдер болып шыққан. Олардың бірі ауруханада көз жұмды.

Күш құрылымдары қау алып, елге шапқан қылмыскерді құрықтаған. Ол 1995 жылы туған жергілікті тұрғын болып шықты.

Сенімді дереккөздің хабарлауынша, барлық зардап шеккендер дәл шабуыл жасалған кезді храмда құлшылық етіп шыққан.

Қылмыскердің бұған дейін полиция назарына түспегенін атап айту керек.

“Сағат шамамен 16.30-да белгісіз ер адам аңшылық қарудан азаматтарға қарай оқ жаудырған”, – деп хабарлады өңірлік ІІМ.

Оның айтуынша, зардап шеккендер қатарында полиция қызметкерлері де бар.

comments powered by HyperComments