Домой Новости Бұзау орнына тасбақа туған сиыр әлем жұртшылығын таңғалдырды (фото)

Бұзау орнына тасбақа туған сиыр әлем жұртшылығын таңғалдырды (фото)

Сиырының бұзаулау процесіне өзі қатысқан иесі бұзаудың орнына тасбақа туылғанда талып қала жаздаған деп хабарлайды life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Черепаха. Фото: Twitter

Бірақ, Индонезия тұрғынының бұл сөзіне ешкім сенбеген. Бұндай таңғажайып оқиғаны басынан өткізген Римин Нггаду сиыры буаз болғаннан бастап, бұзаулағанға дейін асыға күткен екен.

«Мен бұзауды сиырымнан артық күттім. Ал тудыру уақытында, қолыма бұзаудың тұяқтары емес, қап-қатты кішкентай нәрсе ілікті. Бастапқыда қорқып кеттім. Артынша қарасам, кәдімгі тасбақа», – дейді Римин.

Айта кетейік, тұрғынның сөзіне ешкім сенбегенімен, тасбақаны тамашалауға тұрғындар келіпті.

Тіпті олардың арасында жергілікті шенеуніктер мен аймақ басшылары да бар екен.

comments powered by HyperComments