Домой Новости Астанада түгі қалмай өртеніп кеткен үйде Құран кітабы ғана аман қалды (видео)

Астанада түгі қалмай өртеніп кеткен үйде Құран кітабы ғана аман қалды (видео)

Астана іргесіндегі «Ильинка» елдімекенінде қос қабатты үйдің дымы қалмай өртеніп кеткен. Тек бірінші қабаттың қабырғаларынан өзге түгі жоқ. Алайда, осы күлі көкке ұшқан ғимараттың ішіндегі Құран кітаптары ғана аман сақталып қалыпты.

Мұны куәгерлердің бірі видеокамераға түсіріп, әлеуметтік желі арқылы таратуда.

«Екінші қабаттан дым қалмаған. Документ, техниканың түгі қалмай өртеніп кеткен. Енді мына Құдайдың құдіретін қараңыздар, Алланың сөздері ғана өртенбеген, жанбаған», – дейді видео авторы.

Оқиғаның нақты қай уақытта болғаны белгісіз. Тек даладан қыс мезгілі екенін аңғаруға болады. Яғни, видеоролик жақын күндері түсірілген болуы мүмкін.

comments powered by HyperComments