Домой Новости Астанада намаз оқитын ауқатты келіншек тегін пәтер үшін жұртты алдап келген

Астанада намаз оқитын ауқатты келіншек тегін пәтер үшін жұртты алдап келген

Елорадада хиджап киетін бойжеткен «жолдасым қуып жіберді, пәтерсіз қалдым» деп дағдарыс орталығы қызметкерлерін алдап кеткен деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Елордадағы дағдарыс орталықтарының біріне қос чемоданы мен баласын ертіп әкелген А. есімді бойжеткен (авт. аты-жөні автордың өтінішімен жарияланбады) бастапқыда «жолдасым үйден қуып жіберді, барар жер, басар тауым жоқ» деп көмек сұрап келген. Кейін, орталық мамандары бес уақыт намазға жығылатын арудың жалған сөйлеп, қызметкерлерді алдап жүргенін анықтаған.

«Бізге бірнеше чемоданы, баласы бар жас ана келді. Айтуынша, күйеуімен ренжісіп, жолдасы үйінен қуып шыққан екен. Дағдарыс орталығына орналасқан соң, біраз уақыттан кейін әлгі қыз осындағы қызметкерлеріміздің біріне үлкен сомадағы ақшаны беріп, оны ешкімге айтпауы туралы өтініш білдіріпті.

Біз оның ондай қаражатты қайдан алғанын зерттей келе, Астанада екі бірдей пәтері, Ақтауда бір пәтері барын, оларды жалға беріп отырғанын анықтадық»,-деп жаға ұстатарлық оқиғаны еске алды орталық мамандары.

Дағдарыс орталығында бар-жоғы бір аптаға қоныстанған алаяқ ару кейін «балама ойнайтын жер жоқ» деген сылтаумен, өз еркімен орталықтан кетіп қалған.

«Осы жағдайды білген соң жолдасының телефон номерін тауып алып, онымен тілдестік. Сөйтсек, жұбайымен де ешқандай сөзге келмеген, тек күйеуіне жұмысынан жатақхана берілген екен. Сол бөлме ұнамай, не өздерінің пәтеріне кіргісі келмей, осылай бас сауғалап жүрген екен. Қазір, осылай діннің жолындамыз деп, әлгіндей алаяқтық жасап жүргендер де көбейіп кеткен», – дейді дағдарыс орталығы мамандары.

comments powered by HyperComments