
Күні кеше футболдан өткен Еуропа лигасының 1/16 финалында «Астана» «Спортинг» командасымен тең түскен болатын. Сүйікті командасына қолдау білдіруге барған отандастарымыз, Лиссабон төрінде қазақша ән шырқады деп хабарлайды NUR.KZ.
Фанат Астаны. Фото: Instagram
Жерлестеріміз азулы «Спортинг» клубымен 3:3 есебімен тең түсті. Олар ұтылып тұрған жерден, екі допты қатар салып үлгерді. Осы орайда жанкүйерлер де «Астанаға» қолдан келген қолдауын аямауда.
Олар Лиссабонда «Despacito» орнына «Қазақстан, Астана» деп әндетті. Сондай-ақ «Жасай бер, Астана! Жүрегіміз бірге» деген жолдарды қосыла шырқады.
Ал видеоны көрген оқырмандар елордалық командаға сәттілік тілеп, құттықтауларын жолдады.
Сондай-ақ, «Міне, осылай қолдау көрсету керек», «Жарайсыңдар», «Астана, алға» деген пікірлер білдірді.