Домой Новости Қарағандыда Сирияға қашпақ болған әйел тоғыз жылға сотталд

Қарағандыда Сирияға қашпақ болған әйел тоғыз жылға сотталд

Қарағандыда 30 жастағы әйел кәмелетке толмаған жастарды террористік ұйымдарға тартқаны үшін 9 жылға сотталды. Бұл туралы centralasian.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZхабарлайды.

Фото: centralasian.org

Фото: centralasian.org

Белгілі болғандай, сотталушы Жансая есімді әйел “Ислам мемлекеті” террористік ұйымның құрамына кіріп, Сирияға өзімен бірге кәмелетке толмаған туысын алып кетпек болған.

Қорғау тарапы мен сотталушының өзі сот ісі кезінде көптеген заң бұзушылықтар орын алды дейді. Жансая соттан өзін босатуын сұрап, ол бар болғаны ұлттық қауіпсіздік комитеті департамент қызметкерінің (ҰҚКД) нұсқауы бойынша жұмыс істегенін айтқан. Ол террористік ұйымға кіру ойымда болмады деп ақталған.

“ҰҚКД қызметкері бір адамның сеніміне кіруді көндірді. Сол адам үшін менің күйеуім ұсталған. Мен үш қалада комитет қызметкерлерінің бақылауында болдым. Олар менің ізіме түсіп, әлгі адам жөнінде үнемі ескертіп отырды.

Осының бәрін тоқтату үшін, мен ҰҚКД қызметкерлерінің айтқанын орындап, тәуекелге бардым. Әлгі адам үшін менің отбасым зардап шекті. Мен оны іздеуді жөн көрдім.

Менің мақсатым, оны арнайы қызметке тауып беру болды. Бірақ менің кәмелетке толмаған туысымды алып кетпекші болды дегені жалған. Мен кетпекші болғанда, мені ұстады”, – деді айыпталушы ақтық сөзінде.

Жансая 2017 жылдың қыркүйек айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері тарапынан ұсталған еді.

comments powered by HyperComments