Домой Новости Қарағанды облысында үш метрге дейін жауып тастаған қар елді шошытты (видео)

Қарағанды облысында үш метрге дейін жауып тастаған қар елді шошытты (видео)

 Бүркітті ауылының тұрғыны үйдің биіктігіндей жауған қардан қалай қорғанып отырғанын көрсеткен.

Зейнеткердің айтуынша, биыл Қарағандыда былтырғыға қарағанда анағұрлым көбірек жауған.

“Мына биылғы қар масқара болды. Күн жылып кетсе, мына қардың суы түгел үйге кіреді. Таңғы алтыдан тұрамыз, содан лақтыру, қарды кесіп алып осылай жүреміз. Жол жоқ. Трактор келіп жол ашпаған. Міне, өміріміз. Осыдан ары қарай қораға кіреміз. Міне, жағдайымыз. Әкімге барсақ, өзі жоқ. Қарқаралыдан келіп істейтін көрінеді. Күрегіміз қолымызда, дайын тұрады”, – дейді ол.

Оның айтуынша, қар тіпті биіктігі үш метрлік қораны да басып қалған.

“Көше мүлдем күрелген жоқ. Келмейді бұл жаққа. Бізді ұмытқалы қашан”, – деп налыды зейнеткер.

comments powered by HyperComments