Домой Новости Алтын ала алмай, жеңіліп қалған отандық Полторанин сұқбат кезінде жылап жіберді

Алтын ала алмай, жеңіліп қалған отандық Полторанин сұқбат кезінде жылап жіберді

ХХIII қысқы Олимпиада ойындарында 50 шақырымдық қашықтықта сынға түскен Алексей Полторанин бүгінгі жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті деп хабарлайды “ҚазАқпарат” агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Пікір білдірді

«Мен бұл жарысқа тек «Алтын медаль» үшін шыққан болатынмын. Күміс, қола медаль туралы тіпті де ойлаған емес едім. Не болғанын өзімде түсіне алмай қалдым. Негізі, Олимпиада ойындары менің жарысым емес екен», – деді ол журналистерге берген жауабында жылап тұрып.

Естеріңізге салсақ, бүкіл ел медаль әкеледі деп күткен Алексей Полторанин бүгінгі шешуші сайыста мәреге 15-ші болып жетіп, ел үмітін ақтамаған еді.

comments powered by HyperComments