“Қазсушар” Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорны Алматы қалалық филиалыны басшысы Мұхамадиев пара алды деген күдікпен ұсталған еді. Ол тергеп-тексеру шаралары кезінде терезеден секіріп кетіп, қайтыс болды деп хабарлайды Ұлттық бюро баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: zanmedia.kz
Мұхамадиев мердігер ұйым өкілінен келісімшарттар мен орындалған жұмыстар бойынша құжатқа қол қойғаны үшін 17,4 миллион теңге көлемінде заңсыз сыйақы алған.
Ол жоғарыда көрсетілген соманы бөліп-бөліп алып отырыпты.
Мұхамадиев 2 ақпан күні сағат 22:23 шамасында қалған 400 мың теңгені алып жатқан жерінен ұсталған.
3 ақпан күні сағат 08:34-те күдіктіні қосымша тексеру үшін департаменттің әкімшілік ғимаратына алып келген.
Ал 09:02-де ол департаменттің төртінші қабатындағы қызметтік кабинет терезесінен секіріп кетеді.
Биіктіктен құлаған Мұхамадиев алған ауыр жарақаттарының нәтижесінде сол жерде көз жұмған.
Аталған факті бойынша Талдықорған қаласындағы құқық қорғау қызметкерлері “Өз-өзін өлтіру халіне жеткізу” бабымен сотқа дейінгі тексеру амалдарын жүргізуде.