Домой Новости Алматыда көпқабатты үйлер алдына көлік қою ақылы болуы мүмкін

Алматыда көпқабатты үйлер алдына көлік қою ақылы болуы мүмкін

Алматыда көпқабатты үйлер алдына көлік қою енді ақылы болуы мүмкін. Бұл жаңашылдық Алматы қаласындағы жеке көлік тұрақтарын басқаратын “Алматы спецтехпаркинг сервис” ЖШС биылғы жоспарында бар екен деп хабарлайды InAlmaty.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды

Осыған дейін көпқабатты үйлер алдына көлігін тегін қойып келген халық енді ол үшін де ақша төлеуі мүмкін.

“Көлік тұрағы үшін айына 1000 теңге төлеу резиденттік келісім болып саналады. Келісімді алты айға бекітіп, 6000 теңге төлеп отырады. Бұл жаңашылдықтан ұтарымыз көп. Тұрақта көлік саны азаяды”, – дейді “Алматы спецтехпаркинг сервис” ЖШС бас директоры Марат Пірінбеков.

Фото: inalmaty.kz

Сондай-ақ кей тұрғындардан қала бойынша көлік қоюға болатын абонемент енгізу туралы да ұсыныс түскен екен.

“Біз шешім қабылдадық. Қала бойынша абонемент 12 мың теңге тұрады. Мүгедектер мен әкімшілік бекіткен санаттыға басқа да адамдарға жеңілдіктер жасалады”, – дейді директор.

Оның айтуынша, көздеп отырған негізгі мақсаттары – қаладағы көліктерді ретке келтіріп, бөгеу шараларын ұйымдастыру екен.

Алайда “Алматы спецтехпаркинг сервис” басшысының жаңашылдығын халық жанашырлық деп қабылдамай отыр.Олар әлеуметтік желіде наразылығын білдіріп, мұны “өз жемін өзіне қуырып сату” деп бағалауда.

Фото: instagram.com

comments powered by HyperComments