Домой Новости Алматыда 23 жастағы жігіт күдікті жағдайда жоғалып кетті

Алматыда 23 жастағы жігіт күдікті жағдайда жоғалып кетті

23 жастағы Темірхан Иман-Зұлпар Айтуғанұлы 6 ақпанда үйінен шығып кетіп, содан қайтып оралмаған, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Алматыда 23 жастағы жігіт күдікті жағдайда жоғалып кетті

Алматыда 23 жастағы жігіт күдікті жағдайда жоғалып кетті

Жігіттің әпкесі Баян Сейітова Темірханның Шамалған елді мекенінен таксиге отырып кеткенін айтты. Сол күні ол орталықтағы жұмысына баруы тиіс болған.

“Інім үйден таңертеңгі 10:30-да шығып кетіп, Шамалғандағы “Еңлік” дүкенінің алдынан таксиге отырған. Таксист оны Райымбек пен Саин көшелерінің қиылысында түсіріп кеткен.

Көшедегі бейнекамералар арқылы оның «12 ай» сауда үйінің қасынан түсіп қалғанын көрдік. Ұялы телефонын детализацияға салған кезде кешкі 17:44 шамасында Қырғыз елінің шекарасынан өткенін білдік.

Соңғы рет телефоны 23:10-да Қырғыз елінен Қордайға өтетін жерде тіркелді. Одан кейін із-түзсіз жоқ», – деді Баян Сейітова.

Алматыда 23 жастағы жігіт күдікті жағдайда жоғалып кетті

Алматыда 23 жастағы жігіт күдікті жағдайда жоғалып кетті

Жігіттің жақындары оны көрген адамдар болса +7 701 785 55 57, +7 702 566 66 62, +7 707 252 61 00 нөмірлеріне хабарласуын сұрайды.

comments powered by HyperComments