Домой Новости Алматы облысында 16 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Алматы облысында 16 жастағы қыз із-түзсіз жоғалып кетті (фото)

Алматы облысында 28 қаңтар күні үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған 16 жастағы жасөсірім қыз іздестіріліп жатыр деп хабарлайды Қазақпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: inform.kz

Агенттікті мәліметінше, жоғалған қыз бала Қарасай ауданындағы Шамалған станциясының тұрғыны екен.

Із-түзсіз кеткен Аружан есімді қыздың бойы шамамен 160-165 см, дене бітімі арықтау келген. Шашы, көзі қара түсті.

Үйден шығып кеткенде қыздың үстінде жасыл түсті күртеше, қоңыр трико және аяғында қара, ал өкшесі ақ түсті бәтенке болған.

Егер де кімде-кім суреттегі қызды көрген болса, не болмаса сол жайында қандай да бір ақпарат білсе, онда мына нөмірге 8-7272-298-34-22, 8-72771-2-14-35 қоңырау шалуға болады.

comments powered by HyperComments