Домой Новости Алматы көшелерін жайлаған тасқын су тұрғындарды шошытты (видео)

Алматы көшелерін жайлаған тасқын су тұрғындарды шошытты (видео)

Алматы облысында жауын мен қар еруінің салдарынан республикалық маңызы бар бірнеше автомобиль жолдарын су шайып кетті. Барлығы алты жерде су басу оқиғалары тіркелген деп хабарлайды өңірдің төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: Gazeta-mosrentgen.ru

Көрнекі фото: Gazeta-mosrentgen.ru

Сонымен, су шаю Жамбыл облысына қарасты Алматы-Ташкент жолының 134-шақырымында, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты Алматы – Көкпек – Көктал тас жолының 30 шақырымында және Талғар ауданындағы Алматы – Талғар автожолының 64-шақырымында орын алған.

Бұдан бөлек, Қарасай ауданындағы Алматы – Жандосов жолының 22, 25 және 43-шықырымында судың жайылуы тіркелді.

Айта кету керек, оқыс жағдайлардан жолдағы көлік жүрістері тоқтатылмаған. Қазір мамандар оны қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, құтқарушылар бірнеше ауылда да су деңгейінің көтеріліп кеткендігін мәлім етті.

Мәселен, Жамбыл ауданынынң Қайназар ауылында төрт көше бойындағы 50 үйге су жайылды.

Ұзынағашта 100 жеке үй ауласын су басқан. Онда адамдарды қауіпсіз жерлерге көшіріп, судың арнасын бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Талғар қаласында судың кесірінен балшық үй қирап қалды.Зардап шеккендер жоқ. Үй иелері уақытша туыстарының үйін паналап жүр.

Талғар ауданының Тұздыбастау ауданында төр көшедегі үй тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді. Ауылдың жоғары жақ қойнауында еріген қар суы мен жаңбыр жиналып, ауылды су басу қатерін тудырды.

comments powered by HyperComments