Домой Новости Ақтауда адамдарды гипноздап тастайтын жігітке іздеу жарияланды

Ақтауда адамдарды гипноздап тастайтын жігітке іздеу жарияланды

Ақтаулық полицейлер бірнеше валюта айырбастау орнының қызметкерлерін сан соқтырып кеткен алаяқты іздестіріп жатыр. Кассир қыздар ақшаны оның қолына өздері санап беріпті.

Картинки по запросу гипноз

Күдікті жігіт кассаға келіп, долларды теңгеге айырбастап беруді өтінеді. Айырбас жасалған соң ақшаны өзі қайтара санап алып, бір бөлігін білдіртпей әмиянына салып жіберген.

Ал екінші бөлігін кассирге қайтып беріп, оны ұсақ ақшаға алмастыруды сұраған. Бірақ кассир қыз бұлай жасаудан бас тартқан соң, берген долларын түгелімен кері алып, тайып тұрған.

Осылайша, алаяқ жігіт миллион теңгеге жуық пайда тауыпты. Яғни үш айырбастау орнының әрқайсысынан 300 мың теңгеден алып кеткен.

Бұдан бөлек букмекерлік кеңселерден де ақша ұрлаған деген күдікке ілініп отыр. Қазір алаяқтық бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

comments powered by HyperComments