Домой Новости Ақмола облысында төбеден сырғанаған жеткіншек жансақтау бөліміне түсті

Ақмола облысында төбеден сырғанаған жеткіншек жансақтау бөліміне түсті

Ақмола облысы Шортанды ауданының Новокубанка ауылында тұратын 7 жастағы бала төбешіктен сырғанаймын деп ауыр жарақат алды деп хабарлайды Today.kz порталына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өткен демалыс күндері шанамен сырғанаған бала басы мен денесінің әр жерінен ауыр жарақат алып, аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда.

comments powered by HyperComments