Мәскеуде әуе апатына ұшыраған Ан-148 ұшағындағы жолаушының соңғы хабарламасы жария болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
71 адамның өмірін жалмаған ұшақ апатындағы жолаушының соңғы хаты табылды. Көрнекі фото: © flickr.com
Белгілі болғандай, жолаушы ұшақ әуеге көтерілмес бұрын танысына хабарлама жазып үлгерген.
“Ұшақ жолағына шықтық! Ұшпай, бір орында тұрмыз”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, Ан-148 әуеге көтерілгеннен кейін төрт минуттан соң әуе апатына ұшыраған болатын. Ұшақ бортында алты экипаж мүшесі мен 65 жолаушы болған, олардың үшеуі – балалар. Өкінішке қарай, ұшақ апатынан аман қалғандар жоқ.
comments powered by HyperComments