Домой Новости 60 жастағы ақтаулық қарияның ұсынысына боксшы жауап берді (видео)

60 жастағы ақтаулық қарияның ұсынысына боксшы жауап берді (видео)

Жастарды спорттық дөңгелек арқылы шынығуға шақырған видео жариялағаннан кейін алпыс жастағы ақтау тұрғыны Жексен Аюпов танымал болды, деп хабарлайды «NewTimes.kz»-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: NewTimes.kz

Фото: NewTimes.kz

Қарияның видеоролигін көргеннен кейін алғашқы болып 30 жастағы боксшы Андрей Шерстюк бақ сынамақ болып бекініп отыр.

Егде жастағы спортшы қазірдің өзінде «супер қарт» атанған.

Қарт спортшының айтуынша, ол спорт дөңгелегі арқылы жүзден астам рет турникке тартыла алады.

Жексен Аюпов 14 жасынан бастап спортпен айналысады. Осы уақыт ішінде бірнеше дөңгелек ауыстырған.

Спортшының бүгінгі қарсыласы Андрей Шерстюк те осал емес. Жігіт ұзақ уақыт спортпен шұғылданып келеді және өзінің қабілеттеріне сенімді, ол тіпті 10 мың теңгеге де келіседі.

Жексен Аюповтың айтуынша, бұл 10 мың теңге оның өз еркімен жұмыс істеген алғашқы ақшасы.

«Әдетте мен бес мың теңге салып, жастарды бәсекеге шақырамын, мені кім жеңеді, ақша алады. Бірақ ешкім әлі жеңбеді», – дейді Жексен Аюпов.

Бүгінде егде спортшы өзінің танымал болғанына дән риза. Себебі мұны көрген жас ұрпақ жаман әдеттерден бас тартады және спортқа көбірек уақыт жұмсайды деп үміттенеді.

Жексен Аюповтың өзі болса, күндердің күнінде Ақтаудың тіпті Қазақстанның атынан жарысқа қатысуға шақырса деп армандайтынын да жасырмайды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 60 жастағы ақтаулық азаматтың жастарды жекпе-жекке шақырғаны туралы жазған болатынбыз.

comments powered by HyperComments