Домой Новости

Желіде Алматыдағы “барахолка” тасжолында ағылып жатқан көліктер арасынан қоларбамен өткен әйелдің видеосы тарап кеткен. Ол жолді бөліп тұрған айырғыш белгіден қоларбамен секіріп өткен.

Ролик Instagram желісіндегі kris_p_almaty паблигінде жарияланған.

Видео авторының айтуынша, оқиға Алматыда орын алған. Кадрларда қоларба ұстаған әйел жолды бөліп тұрған айырғыш белгіден секіріп өткенін көруге болады. Ол тіпті жолдағы ағылған көліктерге де назар аудармаған.

Ал автордың айтуынша, жаяу жүргіншілерге арналған көпір тиіп тұрғанына қарамастан, ол осылай өтуді қалаған.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары қатты ашуланып, түрлі пікірлерін білдірді. Олар өзі мен баласының өмірін қатерге тігіп, көпір арқылы өтуге ерінген әйелді жазалау керектігін айтты.

comments powered by HyperComments