Домой Новости 15 жасар қыз полициямен төсектес болып, артынан ұстап берген

15 жасар қыз полициямен төсектес болып, артынан ұстап берген

Тергеушілер кәмелет жасына толмаған жасөспірім қызбен жыныстық қатынасқа түскен полицейге қатысты қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото желіден алынды.

Оқиға Краснояр өлкесіндегі Лесосибирск қаласында болған.

Құқық қорғау өкілінің үстінен «Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу» бабы бойынша іс қозғалды.

Алдын ала тергеу мәліметінше, 21 жастағы полиция өкілі қыздың ықтиярымен болғанын айтады.

Қазіргі таңда күдікті өз кінәсін толықтай мойындаған. Қылмыстық іске байланысты тергеу амалдары жүргізіліп, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

comments powered by HyperComments