Домой Новости 15 жасар қостанайлық қыз қатерлі ісікке шалдыққанына қуанышты екенін жеткізді

15 жасар қостанайлық қыз қатерлі ісікке шалдыққанына қуанышты екенін жеткізді

15 жастағы Гүлден Оразбековаға қатерлі ісік диагнозы қойылып, аурухана төсегіне таңылған деп хабарлайды newtimes.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: newtimes.kz

Фото: newtimes.kz

Әке-шешесі ата-аналық құқығынан айырылған жас қыз ауруханадан шыққаннан кейінгі тағдырына алаңдаулы.

Себебі барар жер, басар тауы жоқ, ауруханадағы дәмді тағам мен таза киімді, дәрігерлердің қамқорлығын қимаған қыз ауыр дертіне қарамастан, мұнда өзін жайлы да бақытты сезінеді.

Ауыр науқасқа шалдыққан қыз осыған дейін Қостанай облысы, Алтынсарин ауданының Новоалексеевка ауылында тұрған.

Бірнеше күн бұрын әке-шешесі ата-аналық құқықтарынан айырылып, кішкентай інісі мен сіңілісі бейімдеу орталығына орналастырылған.

Ата-анасына көктемге дейін түзеліп, балаларын қайта алуға мүмкіндік берген.

Ал күзден бастап бірден арықтап кеткен Гүлденнің денсаулығына ең бірінші мектеп мұғалімдері назар аударған.

Мектеп мұғалімдер мен бүкіл аудан, оқушылар болып ақша жинап, қызды Астанадағы ана мен бала ғылыми орталығына апарады. Дәрігерлер қызға қатерлі ісік диагнозын қояды.

Гүлденнің анасы үшінші топтағы мүгедек әрі ішкілікке әуес отбасы балаларға арналған он мың теңге жәрдемақыға күнелтіп отыр.

Қазіргі таңда химиятерапия курсын қабылдап жатқан қыз өгей әкесінің ұрғанында жасырмайды.

Он күннен соң ауруханадан шығарылып, қайда барарын білмейтін қыз қайырымды жандардан көмек сұрайды.

kstnews.kz басылымы Гүлденге көмек қолын созғысы келетін жандар үшін әлеуметтік педагогтің нөмірін жариялайды. 87073985851 (Олеся Анатольевна Мартыненко).

comments powered by HyperComments