Домой Новости Жылдам дайындалатын шайдың обыр мен бедеулікке әкелетіні анықталды

Жылдам дайындалатын шайдың обыр мен бедеулікке әкелетіні анықталды

Жылдам дайындалатын, бірден қызаратын қалташадағы шай – адам денсаулығына өте қауіпті. Мамандар оның обыр ауруы мен бедеулікке алып келетінін айтып дабыл қағуда. Бұл туралы Дни.РУ сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото желіден алынды

Қалташадағы шайды ішкен адам өз ағзасына хлор мен басқа да қауіпті қоспалары бар зиянды заттар жиынтығын сыйлайды. Ол ас қорыту жүйелерінен бөлек, бүйрек пен сүйектердің де қызметін нашарлатады.

Сарапшылар қалташадағы шайдың кәдімгі шайдан айырмашылығы жер мен көктей екенін айтуда. Себебі оны өсіп жатқан кезінде топырақта фторид жинаған ескі жапырақтардан дайындайды.

Мұндай сапасы төмен шай түрі қалташаға оралғанда зияны еселене түседі. Қағазды ағартуға қолданатын хлор ыстық суда ериді. Оған қоса қағаз қалташалар құрамында пестицид (өсімдік зиянкестері мен індеттерін жоятын химиялық препарат) ретінде қолданатын “эпихлоргидрин” деп аталатын қоспа болады.

Оны суға қосса кері әсері молайып, обыр ауруына, имундік жүйенің бұзылуына және адамның ұрпақсыз қалуына да әкеліп соғады.

Зерттеушілердің мәліметіне сүйенсек, қалташадағы шайды бірнеше рет демдегенде және оны жиі қолданғанда, құрамындағы зиянды заттар ағзаға тезірек жиналады.

comments powered by HyperComments