Ақтөбе облысындағы автобус өртінен қаза тапқан өзбекстандық азаматтарға арналған жоқтау өлеңі желі қолданушыларының көзіне жас үйіртті деп хабарлайды NUR.KZ.

“Жыла, Отан”: Өзбек ақыны жазған жоқтау өлең жұрттың жүрегін ауыртты
Өзбектің ақын қызы Шахло Ахророваның марқұм болған жандарға арнаған өлеңін Сұлухан Мыңбаева қазақшаға аударып, Facebook желісіндегі парақшасына жариялаған.
“Жыла,Отан!
Басыма ақ салам-ай деп жыла,Отан,
Қырды кезген налам-ай деп жыла ,Отан
Елу екі дем үзілді бір-ақ сәтте
Елу екі данам-ай деп жыла,Отан
Бейуақ кеткен балам-ай деп жыла,Отан!
Несібемді терейін деп шығып кеткен
Пешенемнен көрейін деп шығып кеткен
Ана еңсесін көтерместей жығып кеткен
Ессіз кеткен балам -ай деп жыла,Отан
Ізсіз кеткен балам-ай деп жыла,Отан!
Өзге жұртта сарсан болып қор болдың ба,
Ах,перзентім көмегіме зар болдың ба?
Елу екі жұлынымды жұлып кеткен
Елу екі құлынымды жұлып кеткен,
Шейіт кеткен балам-ай деп жыла,Отан!
Ең ауыр қам – бала қабірін көру екен
Ең ауыр дерт өзге жұртта өлу екен
Ең ауыры бәріне де көну екен,
Көкке жетті налам-ай деп жыла,Отан
Қабірің қане балам-ай деп жыла,Отан!
Қайда барсаң іздеріңнен еремін де
Үйіңе қайт,рызқың тауып беремін де,
Бөтен елде сен басыңды иіп жүрсең
Бас көтеріп қалай енді жүремін де
…Бейуақ кеткен балам-ай деп жыла,Отан!”, – деп жазады ол.
Мұны оқыған желі қолданушылары еріксіз көздеріне жас алғандарын айтып, қазаның арты қайырлы болуын тіледі.