Домой Новости Жуырда ғана күйеуімен ажырасқан отандық актриса Еспановтың ұлымен көңіл көтеріп жүр

Жуырда ғана күйеуімен ажырасқан отандық актриса Еспановтың ұлымен көңіл көтеріп жүр

Бүркіттің фильмінде басты рөлді сомдаған Айым Алтынбекова тағы да ел назарында! Лидия Каденнің экс-келіні туған күн кешінде Нұрлан Еспановтың ұлы Олжаспен бірге көпшіліктің көзіне түскен деп хабарлайды NUR.KZ.

Айым Алтынбекова. Фото:Instagram

Жақында 21 жасын тойлаған Aeka Posh меншікті мерекесіне жақын достарын шақырған. Құрметті қонақтар тізімінде сазгер Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас та бар.

Айым Алтынбекова. Фото:Instagram

Желіде тарап кеткен видеода Олжас пен Айым вальс биін билеуде. Мұны көрген желі оқырмандары екеуінің арасында байланыс бар деп болжады.

Естеріңізге сала кетсек, Айым жуырда ғана актер, әнші Дидар Кәденмен ажырасқан болатын. Бір сәбиі бар жас ана. Ал, Олжас үйленбеген, бойдақ жігіт.

comments powered by HyperComments