Домой Новости Өзбекстандық шенеунік автобуста өртеніп кеткен жігіттердің өзін кінәлады

Өзбекстандық шенеунік автобуста өртеніп кеткен жігіттердің өзін кінәлады

Өзбекстанның Ферғана облысы Ақтөбедегі автобус апатынан мерт болғандардың отбасына көмек берген. Облыс басшысы болса жұмыс іздеп кететін жастар мен “оларды шетке жіберетін” ата-аналарын кінәлап оытр деп хабаралйды Азаттықрадиосына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өзбекстандық шенеунік автобуста өртеніп кеткен қандастарын кінәлады

Өзбекстандық шенеунік автобуста өртеніп кеткен қандастарын кінәлады

Өзбекстанның Ферғана облысының әкімі Шухрат Ганиев Қазақстанның Ақтөбе облысындағы автобус өртінен қаза тапқандардың отбасыларына “көмек көрсеттік” деп бұлданды.

Шымкент-Самара тас жолы бойында өртенген автобуста мерт болған 52 өзбекстандықтың 16-сы Ферғана облысы Ташлак ауданында тұрған екен.

“Ташлақ тұрғындары, біліп қойыңыздар! Облысымыздың байғұс тұрғындары 80 миллион сумды тағы да қайырымдылыққа беруге мәжбүр болды. Әр отбасына бес миллион сумнан бердік. Мен мұны жазғыру үшін айтып отырған жоқпын” , -деп мәлімдеді Шухрат Ганиев селекторлық жиналыста.

Облыс басшысының жиында сөйлеген сөзі жазылған аудио әлеуметтік желілерде тарап кетіпті. Әкім Ташлак ауданы тұрғындарын “бүкіл Ферғана облысын масқаралады” деп айыптаған.

“20-22 жастағы жігіттердің жұмыс іздеп кетуі тыйыла ма, жоқ па? Әке-шешелері не бітіріп отыр? Өздері не, саңырау ма? Енді бәріне учаскелік инспекторды кінәлап жатыр. Ал жергілікті өзін-өзі басқару органы қайда қарап отыр?” – дейді Шухрат Ганиев.

comments powered by HyperComments