Домой Новости Қуандық Бишімбаев елбасы мен барша халықтан кешірім сұрады

Қуандық Бишімбаев елбасы мен барша халықтан кешірім сұрады

Сот алдына келген бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев елбасы мен қазақстандықтардан сенімді ақтамағаны үшін кешірім сұрады деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қуандық Бишімбаев. Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

Қуандық Бишімбаев. Фото: Sputnik / Болат Шайхинов

“Бұған қатысым жоқтығын қоғамға және Қазақстан президенті әрі ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа жеткізгім келеді. Ол кісіге барлық кәсіби жетістіктерім үшін қарыздармын… Президенттің алдында кінәлі екенімді түсінемін.

Танитын адамдарымды жұмысқа шақырған едім, алайда олар менің үмітімді ақтамады. Ол үшін жауап беремін. Менің сеніміме кіріп, өзімді пайдаланған адамдарды жаныма жақындаттым.

Бұл үшін мемлекет басшысынан, барша халықтан кешірім сұраймын.

Менің басымда болған осы жағдайға қарамастан, мен президентке адалмын және болашақта да адал болып қала бермекпін”, – дейді Бишімбаев Астана қаласы қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотында.

Айта кетейік, бұрынғы министр пара алды және Қызылордадағы шыны зауытының құрылысына бөлінген миллиардтаған қаржыны жымқырды деп айыпталуда.

Айыпталушылар қатарында Бишімбаевтан бөлек тағы 22 адам бар.

comments powered by HyperComments