Домой Новости Танымал қазақ актеры Ерлан Біләл 1,5 млн теңге парамен ұсталды (фото)

Танымал қазақ актеры Ерлан Біләл 1,5 млн теңге парамен ұсталды (фото)

Алматыдағы М.Әуезов театрының директоры, танымал актер Ерлан Біләл бір жарым миллион теңге пара алу үстінде ұсталды деп хабарлайды NUR.KZ порталы. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері қомақты қаржыны Жаңа жыл қарсаңында жымқыру кезінде қолға түскен.

Ерлан Біләлдің пара алу кезіндегі ұсталған сәті.

Ерлан Біләлдің пара алу кезіндегі ұсталған сәті.

«Алматыдағы М.Әуезов театрының ішінде жеке меншік компанияның балаларға арналған Жаңа жылдық қойылымын өткізу үшін мекеме аумағын жалға беру үшін заңды тұлғадан пара алу кезінде ұсталды. Директор толықтай кінәсын мойындағаны үшін қамауға алынбады. Қазір сот алды тергеу ісі жүргізілуде» деп хабарлады жемқорлықпен күрес ұлттық бюросының арнайы өкілі Нұрлан Жахин

Ерлан Біләлдің пара алу кезіндегі жедел түсірілімі.

Ерлан Біләлдің пара алу кезіндегі жедел түсірілімі.

Ерлан Біләл М.Әуезов театрының басшысы болып 2015 жылдың 27 сәуірінде тағайындалған еді. Еңбек жолын театр сахнасынан бастаған өнер адамы «Құрмет» және «Намыс» ордендерінің иегері.

comments powered by HyperComments