Домой Новости Түркістанда таксист 24 жастағы қызды айуандықпен өлтіріп, мәйітті өзі тауып берген (фото)

Түркістанда таксист 24 жастағы қызды айуандықпен өлтіріп, мәйітті өзі тауып берген (фото)

Түркістанда 24 жастағы бойжеткенді айуандықпен өлтірген таксист ұсталды. Қылмыскер екі аптадан кейін ауылдың шетіндегі қамыстардың арасына тастап кеткен мәйітті полицейлерге өзі тауып берген деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZтілшісі.

Марқұм Айгерім

Марқұм Айгерім

Белгілі болғандай екі апта бұрын Айгерімді ата-анасы Түркістан қаласына жіберген. Қаланың орталығына барған бойжеткен әке-шешесінің банкомат карточкасынан екі жүз мың теңгеге жуық ақша шешіп алады.

Мұны байқаған таксист жігіт бойжеткенді көлігіне алдап мінгізіп, қаланың шетіне апарып буындырған. Кейін азаматшаның қомақты қаржысы мен ұялы телефонын жымқырып, өзін зорлап өлтірген дейді марқұмның туыстары.

Марқұмның туыстары

Марқұмның туыстары

“Қызымды қинап өлтірген. Оның артынан таксист әдейі түскен. Ақшасын тартып алған. Біз қылмыскердің бірнеше іс бойынша заң алдында жауап беруін талап етеміз. Өйткені қызымыздың затын ұрлаған, зорлаған, өлтірген. Он бес күн бойы қызымызды іздедік. Перзентімнің осылайша жауыздың қолынан қинап өлгеніне сенгім келмейді”, – дейді марқұм бойжеткеннің анасы Дариға Айдарова.

Айгерім Тасболатова осыдан алты жыл бұрын тұрмысқа шыққан. Қазір артында екі баласы жетім қалды. Айгерім осыдан бірнеше жыл бұрын күйеуінен ажырасып кеткен екен. Туыстарының сөзінше, қыздары бұрынғы күйеуінен де қорлық көріпті.

ОҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай күдікті қазір қамауда. Сотқа дейін тергеу амалдары жүргізілуде. Бойжеткенді айуандықпен өлтірді деген азамат екі аптадан кейін қылмысын мойындап, мәйітті өзі тауып берген. Мұны құзырлы орган өкілдері де растап отыр.

Материал Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалған. Эксклюзивті материалды көшіріп басуға редакция тарапынан қатаң тыйым салынады!

comments powered by HyperComments