Домой Новости Солтүстікте ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендейді

Солтүстікте ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендейді

Қазақстанның солтүстігінде желдің жылдамдығы секундына 30 метрге жетіп, кей жерлерде ауа температурасы -35 градусқа дейін төмендеуі мүмкін деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасаған NUR.KZ

Көрнекі фото желіден алынды

Қарағанды, Ақмола, Павлодар облыстарында жел жылдамдығы секундына 20 метрге болмақ. 12 қаңтар күні күндіз жел басылып, температураның айтарлықтай төмендейтіндігі күтіледі”, – дейді Қазгидрометтің жетешкі инженері Мөлдір Есқалиева.

Қазгидромет өкілінің мәліметінше, еліміздің солтүстігінде ауа температурасы кей жерде -35 градусқа дейін төмендейді.

“Батыста да температура төмендейді деп күтілуде, термометр бағаны -22, -25, БҚО-ның кей жерлерінде -30 градус аяз болады. Елдің оңтүстігінде де тұрақсыз ауа райы күтіліп отыр, кей жерлерде қар жауып, көктайғақ болады”, – дейді ол.

comments powered by HyperComments