Домой Новости Шымкенттік олигархтың баласы із-түссіз жоғалып кетті

Шымкенттік олигархтың баласы із-түссіз жоғалып кетті

Шымкентте халықты жұмыспен қамту орталығының бұрынғы басшысына іздеу жарияланды. 31 жастағы Асылжан Жамалбеков жұмыссыздарға бөлінген 430 млн теңгені жымқырғаны үшін айыпталуда деп хабарлайды Время газетіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шымкенттік олигархтың баласы із-түссіз жоғалып кетті

Шымкенттік олигархтың баласы із-түссіз жоғалып кетті

Халықты жұмыспен қамту орталығында болып жатқан оқиғалар туралы алғаш рет өткен жылдың жазында айтыла бастаған. Мемлекеттік кірістер департаменті комитетінің басшысы Арман Есенбаев құрамына мемлекеттік органдар мен полиция қызметкерлері кірген ұйымдасқан қылмыстық топ туралы айтқан болатын.

Тергеу нәтижесі бойынша, 2015-2017 жылдар аралығында Жамалбеков басқаратын ұйымдасқан қылмыстық топ мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға берілген бюджет қаржысын қолды қылған. Шығынның жалпы есебі 437 млн 385 мың теңге деп бағалануда.

Шымкенттік олигархтың баласы із-түссіз жоғалып кетті

Шымкенттік олигархтың баласы із-түссіз жоғалып кетті

Қылмыстық топтың басшысы Асылжан Жамалбековтен қараша айынан бері хабар жоқ. Соңғы рет ол әлеуметтік желіге жазба қалдырған.

Асылжан Жамалбеков еліміздің оңтүстігіндегі беделді отбасыдан шыққан. Оның әкесі Шәріпбек Жамалбек облыстық мәслихаттың депутаты.

comments powered by HyperComments