Домой Новости Шымкент әкімі таза қазақ тілінде баяндама жасаған шенеунікті сөгіп тастады

Шымкент әкімі таза қазақ тілінде баяндама жасаған шенеунікті сөгіп тастады

Қазақылықтың қаймағы бұзылмаған Шымкентте қала әкімі орыс тілінің болашағына алаңдап жүрген секілді. Себебі, шаһар басшысы орысша сөйлемегені үшін аудан әкіміне қатаң ескерту жасаған деп хабарлайды 31 арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Шымкент әкімі таза қазақ тілінде баяндама жасаған шенеунікті сөгіп тастады

Үйреншікті дағдыны бұзып, халық алдында бастан-аяқ қазақша баяндама жасаған Әл-Фараби ауданының әкімі Бауыржан Ахметәліұлына жиынға қатысқан тұрғындардың бірі наразылық танытқан.

Артынша, Шымкенттің әкімі Нұрлан Сауранбаев аталған сынға байланысты пікірін шұбар тілде былай білдірді.

“Елбасы бізге пример де көрсетіп жатыр. Везде на всех мероприятиях должны вестись на двух языках. Вот вы Послание Жолдауды соңғы естідіңіз ғой? Два вопросты Елбасы қазақша айтты, екі вопросты орысша айтты. Баяндама жасағанда тағы да ішінде или дополнение обязательно нетіп неғылыңдар. Ол жағынан я думаю правильное замечание от жителя города была. Поэтому эти вопросы я думаю что надо обязательно соблюдать”, – деді қала әкімі Нұрлан Сауранбаев.

comments powered by HyperComments