Домой Новости Ұшақтың есігі қатып қалған: Астанада 89 адам демалысқа кете алмай отыр ...

Ұшақтың есігі қатып қалған: Астанада 89 адам демалысқа кете алмай отыр Расказать Вконтакте Расказать в Facebook

Астанада қатты суықтың әсерінен ұшақтың есігі қатып қалған. Нәтижесінде Астана-Шарджа рейсі кейінге қалды деп хабарлайды inform.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ

Көрнекі фото желіден алынды

Көрнекі фото желіден алынды

Air Arabia әуекомпаниясының ұшағы Шарджға техникалық себептермен ұша алмады. Компания өкілі Гүлмира Ахметованың ұшаққа кіретін есік қатып қалғанын жеткізді.

“Біз оны жылыта алмадық. Рейс 10 сағатқа кейінге шегерілді. Жолаушылар отельге орналастырылады”,- деді Гүлмира Ахметова.

Айта кетейік, сенбіде Астанада таңертең ауаның суықтығы – 26 градус болған.

comments powered by HyperComments