Домой Новости Ұшақ бортындағы Мақпал Жүнісоваға әуежай қызметкерлері тосынсый жасады (видео)

Ұшақ бортындағы Мақпал Жүнісоваға әуежай қызметкерлері тосынсый жасады (видео)

Мақпал Жүнісова 54 жасқа толған күнін ұшақ бортында қарсы алды. Әншіге әуе қызметкерлері арнайы тәтті торт әкелсе, борттағы жолаушылар әдемі әнмен құттықтау айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Мақпал Жүнісова түріктің танымал актерімен. Фото: Instagram

Мақпал Жүнісова түріктің танымал актерімен. Фото: Instagram

“Қайырлы таң, ұшақта да туған күнді қарсалып жатқан,берекелі бейсенбіде баршаңызға тек жақсылық болсын!”,- деп жазды әншінің өзі.

Әртіс бұған дейін парақшасында Түркия елінде демалыста жүрген видеолары мен суреттерін жариялаған болатын. Мақпалдың тыңдармандары сүйікті әншілеріне деген құрметке риза болып, Instagram желісінде ақ тілектерін жазуда.

“Мақпал апай туған күніңізбен құттықтаймыз! Деніңіз сау болсын!Қызыңыздың қызығын көріңіз! Аман болыңыз!”, “Қандай керемет! Сыйлы жан екеніңізді осыдан-ақ білуге болар. Бақытты болыңыз!”, “Мақпал қандай бақытты жансың! Ұшақта туған күн қарсы алған қандай керемет! Жүз жаса!”,- деп жазды желідегілер.

comments powered by HyperComments